Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин талаптарын бұзған кезекті мейрамхана анықталды

Шымкентте карантин талаптарын бұзған кезекті мейрамхана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілердің карантин режимін бұзғанын анықтау және бұл жайттардың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде.

Түнгі уақытта сағат 22:00-ден кейін Қаратау ауданы Нұрсат шағынауданы бойында орналасқан мейрамханалардың бірінде карантин талаптарына бағынбай, жұмысын жалғастырып жатқаны анықталды.

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру