Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызмет бабында қайтыс болған түркістандық полицейдің жұбайына ПД бастығының арнайы сыйлығы табысталды

Қызмет бабында қайтыс болған түркістандық полицейдің жұбайына ПД бастығының арнайы сыйлығы табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 тамыз Конституция күні мерекесі мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Түркістан облысы ПД бастығы Қайрат Дәлбеков игі іске бастама жасады. Нақтырақ айтсақ, қызмет бабында қайтыс болған М.Сарбаевтың отбасына облыстың бас полицейі атынан арнайы сый-сыяпаттары жеткізілді. 

Мұхтар Сарбаев 2020 жылдың жаз айында “пневмония” дертіне шалдығып, салдарынан отбасы, жақындары, қызметтестерімен мәңгілікке қоштасып кеткен еді. Жұлдызы ерте сөнген полицей Түркістан облысы ПД ЖПҚБ бағынысты Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы болып абыройлы қызмет атқарды. Блок-бекеттерде халықтың амандығы үшін күні-түні қызмет еткен. Өз басын ойламай, елге берген антына адал болған.

Қаза тапқан қызметкердің үйіне келестік полицейлер арнайы барып, артында қалған төрт бірдей перзентіне сыйлықтар үлестірді. Генералдың атынан келе жатқан мерекелерімен құттықтады. 

Өз кезегінде, Мұхтар Сарбаевтың жақындары Түркістан облысы ПД-нің басшылығына ізгі тілегін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру