Учаскелік инспектор қызметіне қайта оралды. Ауыл тұрғындары оны қалай қарсы алды
Солтүстік Қазақстан облысында төрт елді мекеннің тұрғындары бір айдан астам уақыт учаскелік полиция инспекторының денсаулығына алаңдаулы болған. Азамат Сыздықов шілде айының басында жұмыстан үйіне келе жатып, гипертониялық кризисті басынан кешірген. Ауруханадағы ұзақ емделуден кейін аман-есен оралуы және ауылдықтардың өз учаскелік инспекторын қарсы алуы туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымда айтылды.
(Учаскелік инспектор | 4:43 – 9:38)
Шілде айының басында Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы төрт елді мекеннің тұрғындарын учаскелік полиция инспекторының ойда жоқ жерде науқастанып қалғаны туралы жаңалық алаңдатты. Азамат Сыздықов жұмыстан қайтып келе жатып, өз бетімен үйіне кіре алмаған. Жары мен көршісі көмектескен. Қан қысымының көтерілуі ауыр салдарға – гипертониялық кризиске әкеп соққан. Офицер шұғыл аудандық ауруханаға, кейін облыстық ауруханаға жеткізілген.
Азамат Сыздықов полицияда 12 жыл қызмет етеді. Оның бес жылында екі мыңнан аса адам тұратын Ломоносов ауылдық округінде жұмыс істеп келеді. 17 ауыл тұрғыны полицейдің ерекше бақылауында. Олар – ішімдікке салынған, бұрын сотталған адамдар.
Жергілікті тұрғындар өздерінің учаскелік инспекторының жоғын бірден байқағанын атап кетті. Ауыл болып алаңдағанын айтты.
Ломоносов ауылдық округіндегі жедел жағдайды жергілікті тұрғындар Азамат Сыздықовтың арқасында тұрақты деп санайды. Учаскелік инспектордың жұмыс күні таңғы 8:00-де басталып, кешке аяқталады.