Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы аумағында көлік айдап әкету саны 12%-ға төмендеді

Жыл басынан бері Павлодар облысы аумағында көлік айдап әкету саны 12%-ға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда 52 ұрлық фактісі тіркелген. Ұрлаушылар арасында ең танымал ВАЗ және Audi маркалы автокөліктер болып қала береді, және оларды негізінен тұрақтар мен үйдің ауласынан ұрлайды, мұндай 23 факт тіркелген.

– Ұрлықтардың 70%-ы түнгі уақытта жасалады. Біздің аймақта ұрлықтардың ең көп санын бұрын жәбірленушілермен таныс, автомобильдердің кілттеріне қол жеткізе алатын адамдар жасайды. Сондай-ақ сигнализациямен жабдықталмаған, қолжетімді жерлерде, күзетілмейтін аумақта, үйлердің аулаларында орналасқан автокөліктер айдап әкетіледі, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.

Қаскүнемдер, ұрланған автокөліктерді қосалқы бөлшектерге өткізеді, кейбір беделді модельдерді автокөліктерді көрші облыстардың аумағына айдап апарады.

Автокөлікті айдап әкету туралы сигнал түскен кезде облыс аумағында дереу “ұстап алу” жоспары енгізіледі, ол бойынша барлық сыртқы қызметтер іске қосылады, сондай-ақ айдап әкету фактісі бойынша шекара маңындағы өңірлер бағдарланады.

Ұрланған көлікті іздестіруде және күдіктілерді ұстауда автокөлік ағынын бақылауға арналған бейнетіркеу жүйелері маңызды рөл атқарады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру