Атыраулық полицейлер ұсынысымен жол бойына оқушылар макеті орнатылды
Атыраулық полицейлер ұсынысымен жол бойына оқушылар макеті орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаментінің ұсынысымен дайындалған мектеп оқушысы бейнеленген макеттер облыс орталығындағы жол өткелдеріне орналастырылды.
Айта кетейік, бұл макеттер жергілікті мердігер мекемелердің демеушілігімен дайындалды.
– Мақсаты – жаяу жүргіншілер жолына жақындаған көліктердің назарын аударып, жылдамдық асырмауына ықпал ету. Қазіргі кезде жол жиегіне қойылатын төрт оқушы макеттерінің орны ауысып, білім беру ұйымдарына жақын орналасқан жаяу жүргіншілер өтетін жолдардың тұсына қойылатын болады – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.