Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері мас халде көлік басқарған жүргізушілерді анықтады

Түркістан облысының полицейлері мас халде көлік басқарған екі жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-ның қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, Мақтаарал АПБ тәртіп сақшылары сағат 17:00-20:00 шамасында қызмет атқару кезінде, жол ережелерін өрескел бұзып келе жатқан «Опель Вектра» және «Ваз-21015» маркалы екі көлікті тоқтатты. Содан соң жүргізушілердің құжаттарын тексеру барысында олардың мас күйіне күмәнданып, медициналық сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысына сәйкес автокөлік жүргізушілерінің мас күйі расталды.

Полиция қызметкерлері аталған жайттарға байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар заңды шешім қабылдау үшін, жинақталған іс-құжаттар Мақтаарал аудандық сотына жолданды.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет. Жүргізушілер, үнемі жол қауіпсіздігі ережесін орындаса, тәртіпке бағынса, өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтайтынын естен шығармағаны жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру