Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда топ болып төбелескендерге полицейлер қылмыстық іс қозғады

Ақтауда топ болып төбелескендерге полицейлер қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 26 тамызында желіде 6 шағын аудан 22 және 23 үйлер арасында топ болып төбелескен жасөспірімдердің бейнежазбасы таралған болатын. Бейнежазбада белгісіз біреулер топтық төбелес ұйымдастырып, құқық бұзушылық жасалған жерден қашып кеткен.

Оқиға 25 тамызда сағат 23:00 шамасында болған. Криминалдық полиция қызметкерлері төбелеске қатысушылардың жеке басын анықтады.

Аталған факті Ақтау қаласы Полиция басқармасында СДТБТ-де ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бұзақылық) бойынша тіркелді.

Зардап шеккендерге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Тергеу амалдары жүргізілуде.

– Тұрғындар куә болған оқиғалар туралы полицияға емес, әлеуметтік желілерде фото және видео жариялау арқылы жиі хабарлайды. Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында кез келген құқық бұзушылық туралы полицияға «102» нөмірі арқылы хабарлауыңызды сұраймыз, – деп атап өтті Маңғыстау облысы ПД бастығы Ж.Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру