Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының бас полицейі учаскелік полиция пункттеріне тексеру жүргізді

Павлодар облысының бас полицейі учаскелік полиция пункттеріне тексеру жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қыркүйекте Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов Павлодар қаласының бес учаскелік полиция пунктін аралап шықты.

№16, 6, 18, 10 және 3 УПП аралау барысында облыстық полиция ведомствосының басшысы бағыныстыларға бірқатар тапсырмалар берді, олардың ішінде полицияның «қадамдық қолжетімділігін» және халыққа сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, оның шеңберінде қаланың әлеуметтік проблемалары зерделеніп, азаматтарға кешенді және уақтылы көмек жүзеге асырылады.

Нұрлан Мәсімовтің тапсырмасы бойынша учаскелік инспекторлар арасында өңір аумағында жаңашылдық енгізілуде, оның шеңберінде әрбір учаскелік инспектор өзінің әкімшілік учаскесінде тұратын азаматтарды аралау бойынша журнал бастады.

– Аралау барысында учаскелік инспекторлар тұрғындардың проблемалары туралы біліп, олардың қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды тыңдайды. Мұндай аралаулардың тағы бір артықшылығы – тұрғындар учаскелік полиция қызметкерін білетін болады. Әрбір учаскелік инспектор күн сайын сеніп тапсырылған аумақта орналасқан 20 пәтерді аралайды. Сонымен, бір ай ішінде учаскелік инспектор барлық әкімшілік учаскені аралайды және іс жүзінде өз учаскесінің тұрғындарын білетін болады,- деді Нұрлан Мәсімов.


Айта кету керек, 1 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында Павлодар облысының аумағында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Осы жедел- профилактикалық іс-шара аясында учаскелік полиция инспекторлары барлық байланыс ақпараты бар визиткаларды өздерімен алып жүріп, таратады. Сондай-ақ учаскелік инспекторға бекітілген учаскеге қызмет көрсету туралы ақпарат олардың аумағында орналасқан тіршілікті қамтамасыз етудің барлық объектілеріне ілінген.

Сапар барысында Нұрлан Мәсімов үй тұрғындарымен әңгімелесті, полиция қызметін жақсарту туралы ұсыныстарды тыңдады және олардың учаскелік полиция қызметкерін білетіндігін анықтады.

Сондай-ақ ПД бастығы учаскелік полиция инспекторларымен әңгімелесті, онда олардың жұмыс жағдайларына қатысты проблемалық және өзекті мәселелер талқыланды. Барлық ұсыныстар мен проблемалық мәселелер басшының назарына және жеке бақылауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру