Атыраулық полицейлер хабар-ошарсыз кеткен 9 жасөспірімді үйлеріне қайтарды
Атыраулық полицейлер бір аптада хабар-ошарсыз кеткен 9 жасөспірімді үйлеріне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала аумағында бір апта ішінде Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына жасөспірімдердің өздерінің тұрғын-жайларынан хабар-ошарсыз кету фактісі бойынша тоғыз хабарлама келіп түскен.
Аталған жасөспірімдер өзінің тұрғылықты мекенжайынан белгісіз бағытқа шығып кеткен.
– Аталған оқиғалар бойынша барлық жасөспірімдерді полиция қызметкерлері 2-3 сағат ішінде тауып, ата-аналарына табыстады, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Мысалы, 1 қыркүйек күні сағат 16:09 шамасында «102» операторына 33 жастағы азаматша қоңырау шалып, “Жилгородок” аялдамасы орналасқан көшеде өзінің 7 жастағы жасөспірім қызы ойнап, белгісіз бағытқа кетіп қалғандығын айтып хабарлаған. Аталған хабарлама бойынша жеті жастағы жасөспірімді полиция қызметкерлері іздестіріп, аман-есен ата-анасына табыстады.