Атырауда түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды лақтырмақ болғандар ұсталды
Атырауда түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды лақтырмақ болғандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 тамыз сағат 08:50 шамасында Атырау облысы бойыша ҚАЖД УГ-157/9 түзету мекемесінің ішкі аймағына белгісіз адамдармен тыйым салынған заттарды лақтыру фактісі тіркелді. Атап айтқанда, 11 дана скотчпен оралған тоғыз ұялы телефон, Sim-карта және т.б. аксесуарлар тәркіленді. Алайда түнгі кезде жылдам тауып алу үшін арнайы жарқылдауық маяк салынған «сыйлықтарды» мекеме қызметкерлері дер кезінде анықтады.
Кейін мекеменің сыртқы аймағында орналасқан «Сергек» бейнебақылау құрылғысының көмегімен заңсыз іске қатысты тұлғаның автокөлігі кімге тиесілі екендігін анықталды. Қазіргі таңда айғақтар жинақталып, әкімшілік жаза тағайындау мақсатында іс сотқа жіберілді.
Сонымен қатар мекеменің жедел уәкілі сәлемдеме қай сотталғанға тиеслі екендігін анықтап, соңғысы тәртіптік изоляторға қамалды.