Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте өзін банк қызметкерімін деп, тұрғынның есепшотындағы ақшасын шешіп алған алаяқ анықталды

Шымкентте өзін банк қызметкерімін деп, тұрғынның есепшотындағы ақшасын шешіп алған алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 5 қыркүйегінде Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, белгісіз біреу хабарласып, өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, жеке басының мәліметтерін біліп, есеп шотында болған 60 мың теңгесін иемденіп кеткенін көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында Қарағанды облысының тұрғыны анықталды. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, шымкенттік полицейлер бейтаныс азаматтарға жеке басына қатысты мәліметтерді бермеуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру