Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер ел аумағына есірткі алып өтпек болған шетелдікті анықтады

Атыраулық полицейлер ел аумағына есірткі алып өтпек болған ресейлікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құрманғазылық полицейлер шекара қызметкерлерімен бірлесіп Астрахань-Атырау бағытында есірткіні заңсыз алып өтпекші болған шетелдікті ұстады. Тәртіп сақшылары “Дәрмек” іс-шарасы кезінде Кабардино-Болкария Республикасының тұрғынын бақылау бекетінде тоқтатып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Оқиға орнында “Барон” қызметтік иті ер адамның көлігінің жанына жақындап, белгі бере бастайды. Сөйтіп, күдік тудырған тұрғынның көлігінен есірткі затына ұқсас зат табылды. Полиция қызметкерлері айғақты затты сараптамаға жолдап, қорытындысы бойынша «кептірілген марихуана» екенін анықтады.

Аталған жайт Құрманғазы АПБ-да ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігімен (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру