Жамбылдық полицейлер жылқы ұрлау дерегін ашты
Жамбылдық полицейлер жылқы ұрлау дерегін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 қыркүйек Тұрар Рысқұлов ауданының 47 жастағы тұрғыны полиция бөліміне арызданған. Жайылымнан белгісіз тұлғалар оның бір жылқысын жасырын ұрлап, сол арқылы 360 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері Тараз қаласының 26 жастағы тұрғынын мал ұрлады деген күдікпен ұстады.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 2-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.