Павлодарлық сотталғандар колонияда өсірілген раушандарды аналарына жіберді
Колонияда өсірілген раушандарды павлодарлық сотталғандар аналарына жіберді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сотталған Владимир бес жыл бойы жазасын өтеп келеді, оны отбасы мен достарынан тек анасы ғана күтеді. Көктемде мекемедегі жылыжайға раушан гүлін отырғызды. Сондай-ақ мекеменің аллеясына нарғызгүл мен басқа да гүлдер отырғызылды.
– Бостандықта достарым көп болды, дәлірек айтсам, олар менің достарым деп ойладым. Енді мені тек анам ғана күтеді. Отбасы күніне орай мен мекеме әкімшілігінен оған гүл шоғын апаруды өтіндім. Ол кездесуге жиі келе алмайды, мен оны қатты сағындым. Бостандықта мен ешқашан анама гүл сыйлаған емеспін, бұған қатты өкінемін. Енді Отбасы күні мен үшін ерекше мереке. Бостандыққа шыққаннан кейін мен анама жақсы сыйлық сатып аламын, – дейді Владимир.
– Қоғамдық пайдалы байланыстарды сақтау – сотталғандардың заңға бағынатын мінез-құлқының негізі. Сондықтан Отбасы күні олар үшін ерекше күн. Қауіпсіздігі барынша жоғары тәртіпті мекемеде, әдетте, жазаны өтеу мерзімі ұзақ, сондықтан жақындарымен байланысын жоғалту мүмкіндігі жоғары. Бұл жолы біз ерекше іс-шара өткізіп жатырмыз, біз ештеңеге қарамай балаларын жақсы көріп, бостандыққа шығуын күтіп отырған аналарға гүл алып келдік, – дейді АП-162/4 мекемесінің бастығы Ербол Шарипов.
Мекеме қызметкерлері сотталғандардың аналарына раушан мен нарғызгүл гүлдерінің букеттерін жеткізді.
– Ұлымның өтінішіне адамгершілікпен қарағаныңыз үшін үлкен рахмет. Мүмкін мен оны байқамадым, қатеден құтқармадым, ал қазір ол түрмеде. Бірақ мен оның адам болып шығатынына қалай үміттенетінімді, босатылуын күтіп жүргенімді білсеңіз. Ол менің жалғыз балам. Білесіз бе, одан гүл алу мен үшін күтпеген жағдай, мен жылап тұрмын, – дейді сотталғанның анасы Галина.