Атырауда “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды
Атырауда “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері облыс аумағында “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шара кезінде екі емдеу орталығы және үш өнеркәсіптік кәсіпорын тексеріліп, нәтижесінде есірткі қылмысына қатысты жеті құқық бұзушылық анықталып, олар бойынша қылмыстық істер тіркелді. Қазір тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
– Аталған операция аясында төрт әкімшілік хаттама жасақталып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Жинақталған іс-құжаттар әкімшілік сотқа тиісті шешім қабылдау үшін жолданды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.