Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

Атырауда “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері облыс аумағында “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шара кезінде екі емдеу орталығы және ​үш өнеркәсіптік кәсіпорын тексеріліп, нәтижесінде есірткі қылмысына қатысты жеті құқық бұзушылық анықталып, олар бойынша қылмыстық істер тіркелді. Қазір тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

– Аталған операция аясында төрт әкімшілік хаттама жасақталып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Жинақталған іс-құжаттар әкімшілік сотқа тиісті шешім қабылдау үшін жолданды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру