Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жүргізуші куәлігін жасатып беремін”: Қызылордада төрт адамды алдаған алаяқ ұсталды

Қызылордада төрт адамды алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қыркүйек күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына төрт қала тұрғыны келіп, алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған. Олардың айтуынша, белгісіз біреу шілде-тамыз айларында олардың сеніміне кіріп, жүргізуші куәлігін жасатып беремін деп ақшаларын алдап алған.

Күдікті жәбірленушілерден жұмыс ақысы үшін 60 мың және 200 мың теңге аралығында қаражатын алған. Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген құжаттары да болмаған, не қаражаттарын кері қайтармаған.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында 39 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Белгілі болғандай, күдіктінің бірнеше жайтқа қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын 450 мың теңге. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3,4-бөлігі (Алаяқтық – екі немесе одан да көп адамға қатысты; бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру