Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды

Қызылорда облысында жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қыркүйек сағат 02:50-та Шиелі ауданы көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлерімен жол ережесін бұзғаны үшін жеңіл автокөлік тоқтатылды. Автокөлікті мас күйінде басқарған 32 жастағы Арал ауданын тұрғыны болып шықты.

Анықталғандай, ер адам сот шешімімен 14 ақпан 2019 жылы жеті жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Жүргізуші ауданның полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру