Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Несие машақаты: Түркістан полицейлері әріптесінің атынан несие рәсімдеген алаяқты ұстады

Түркістан полицейлері әріптесінің атынан несие рәсімдеген алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, бейтаныс адам оның атынан 700 мың теңге несие алған. Яғни жәбірленуші әйел банктен хабар келгенде өзге біреудің несие алғанын біледі. Содан жергілікті тұрғын тез арада сарыағаштық тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұраған. Аталған жайтты полицейлер СДТБТ-ға енгізіп, ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. 

Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Сарыағаш ауданы полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекен-жайынан ұстады. Ол жергілікті тұрғын жәбірленушінің жұмыстағы әріптесі болып шықты. 

Қазіргі таңда орта жастағы күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өзіңізге қатысты жеке, құпия сандарды ешкімге бермеңіздер деп ескертеді. Банктік карточкаларыңыз бен жеке куәліктеріңізге, жалпы құжаттарыңызға ұқыпты болыңыздар. Егер, осындай интернет-алаяқтығының куәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру