Ақтөбеде апалы-сіңілі тұрғынды 10 млн теңгеге алдап кетті
Ақтөбеде апалы-сіңілі тұрғынды 10 млн теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 қыркүйек полиция бөліміне 47 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны алаяқтық туралы арыз берген. Зардап шегушінің айтуынша, ағымдағы жылдың маусым айында үйде отырып, таныстарында инвестициялық ақшалай салымдар туралы әңгіме басталған. Екі апалы-сіңлілі «Finiko» компаниясына инвестициялық салым және биржаларда ақшаны айналдыру сылтауымен жәбірленушіден үлкен көлемде ақша алып кеткен. Алайда ақша да, уәде етілген екі еселенген сома да болмаған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілердің жеке басы анықталды. Олар екі апалы-сіңілілер болып шықты. Келтірілген залалдың сомасы 10 миллион теңгені құрайды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеубасталды.