Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде апалы-сіңілі тұрғынды 10 млн теңгеге алдап кетті

Ақтөбеде апалы-сіңілі тұрғынды 10 млн теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қыркүйек полиция бөліміне 47 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны алаяқтық туралы арыз берген. Зардап шегушінің айтуынша,  ағымдағы жылдың маусым айында үйде отырып, таныстарында инвестициялық ақшалай салымдар туралы әңгіме басталған. Екі апалы-сіңліліFinikoкомпаниясына инвестициялық салым және биржаларда ақшаны айналдыру сылтауымен жәбірленушіден үлкен көлемде ақша алып кеткен. Алайда ақша да, уәде етілген екі еселенген сома да болмаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілердің жеке басы анықталды. Олар екі апалы-сіңілілер болып шықты. Келтірілген залалдың сомасы 10 миллион теңгені құрайды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеубасталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру