Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында әйелдер колониясына 3 ұялы телефон өткізбек болған ер адам ұсталды

Ер адам Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/4 мекемесіне ұялы телефондар өткізуге тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жауғашты кентінде орналасқан ЛА-155/4 әйелдер колониясына қысқа мерзімді кездесуге келген ер адам сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған заттарды кіргізуге тырысты.

Ер адамға кірген кезде мекеме қызметкерлері азық-түлікті беру ережелері мен тәртібін түсіндіріп, тыйым салынған заттарды кіргізгені үшін жауапкершілік туралы ескертті. Алайда тексеру барысында ет рулетінде Nokia маркалы үш ұялы телефон, үш SIM-карта, үш аккумуляторлық батарея, екі қуаттағыш құрылғысы табылып, тәркіленді.

– Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша алғашқы материал жиналып, шешім қабылдау үшін Қарасай ауданының әкімшілік сотына жіберілді, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Мекемеге тыйым салынған заттарды өткізуге тырысқаны үшін ер адамға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру