Қызылордада пробация қызметтеріне 10 биотерминал орнатылды
Қызылордада пробация қызметтеріне 10 биотерминал орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жүріс-тұрысын бақылауды оңтайландыру мақсатында Қызылорда қалалық және аудандық пробация қызметтеріне 10 биотерминал орнатылды.
Биотерминалды алғашқылардың бірі болып Қармақшы аудандық пробация қызметі орнатты, онымен жұмыс істеу тәртібі түсіндіріліп, сотталғандарды электронды тіркеу басталды.
Бұл құрылғы сотталғандардың саусақ таңбасы арқылы, бет-әлпетінің геометриясын автоматты түрде танып, сотталғанның жеке бас дерегінен бастап, қандай бап бойынша сотталғаны туралы толық ақпарат береді. Бұрын сотталғандар тіркеуге келген кезде кезек күтетін болса, қазір құрылғының көмегімен саусақ арқылы, тіркеудің күні мен уақыты белгіленіп, олардың уақытын да үнемдеуге болады.