Мемлекеттік нөмірсіз көлік басқарған шымкенттік анықталды
Мемлекеттік нөмірсіз көлік басқарған шымкенттік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 қыркүйек күні Шымкент ҚПД Патрульдік полиция полкінің инспекторлары әкімшілік аумақта қызмет атқару барысында А.Байтұрсынов көшесінің бойында Audi маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында автокөлік жүргізушісі мемлекеттік нөмірсіз көлік басқарғаны анықталған.
Аталған жайт бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабымен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды. Ал автокөлік айыптұраққа қойылды.