Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде дүңгіршектерді тексерген полицейлер ұрланған 11 ұялы телефонды тәркіледі

Семейде дүңгіршектерді тексерген полицейлер ұрланған 11 ұялы телефонды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ мүлікті қорғау бойынша бағдарламасын іске асыру мақсатында Өскемен және Семей қаласының криминалдық полиция бөлімшелерімен осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жүргізілген «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында ұрланған телефондарды сату орындарын тексеру және оның жолын кесуге бағытталған іс-шаралар іске асырылды.

Осы кезеңде жедел уәкілдер пайдаланылған телефондарды сататын 42 орынды тексерді. Жұмыс барысында 800-ге жуық телефон тексерілді, оның 11-нің қылмыстық іс бойынша өтіп жатқаны мәлім болды. Олар тәркіленді және сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына қоса тіркелді.

Сонымен қатар, рейд барысында полиция қызметкерлері бутиктердің иелерімен және ұялы телефон сатушылармен ҚР Қылмыстық кодексінің 196-бабында қарастырылған қылмыстық жолмен көрінеу табылған мүлікті сатып алғаны немесе өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіру әңгімелерін өткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру