Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алтай қаласында көлік құралын басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Алтай қаласында көлік құралын басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Алтай қ.ПБ учаскелік полиция инспекторлары Серебрянск қ. Вокзальная көшесін патрульдеу кезінде 42 жастағы жүргізушінің басқаруымен «Москвич» автокөлігін тоқтатты, құжаттарын тексеру барысында, жүргізушінің көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айырылғанына қарамастан,  көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды.

Медициналық куәландыру актісіне сәйкес ер адамда жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаңдық анықталды.

Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру