Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қыркүйекте Lada автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі «Ақтөбе-Орск» автожолымен Ауыл шаруашылық колледжіне қарама-қарсы келе жатып, жолда кедергі немесе қауіп туындаған кезде  жылдамдықты төмендетпей, жолдың жүру бөлігінен өтіп бара жатқан 42 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

ЖКО фактісі негізінде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (ЖҚЕ бұзу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру