Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ұрылар қойды ұрлап, өзара бөліп алған

ШҚО-да ұрылар қойды ұрлап, өзара бөліп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында ПБ қызметкерлеріне Алтай ауданына Серебряное шатқалындағы жайылым учаскесінен белгісіз біреулер бір бас қойды ұрлап кеткені туралы ақпарат келіп түсті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ағымдағы жылдың 12-13 қыркүйегіне қараған түні Алтай ауданының Бородино ауылында тұратын 37 және 34 жастағы екі ер адам еркін қол жеткізу арқылы Алтай ауданының Серебряное шатқалындағы жайылым учаскесінен 1 бас қойдыұрлағанын анықтады. Келтірілген шығын көлемі 70 мың теңгені құрады. Ұрланған затты тасымалдау үшін қаскөйдің бірінің автокөлігін пайдаланған, кейін үйдің ауласында малды сойып, бөліп алған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру