Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер мал бағу және ұстау ережелерін бұзған 100-ге жуық адамды анықтады

Атыраулық полицейлер мал бағу және ұстау ережелерін бұзған 100-ге жуық адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қараусыз жүрген мал ұрылар үшін оңай олжа, ал жүргізушілер үшін жолдағы қауіпсіздікті сақтауға кедергі келтіретіні анық. Жыл басынан бері Атыраулық полицейлер мал бағу және ұстау қағидаларын бұзғаны үшін 100-ге жуық мал иелерін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Тәртіп сақшылары үй жануарларын иесіз жаю жағдайларына жол бермеу үшін тұрғындармен үнемі алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Алайда, жүргізілген іс-шараларға қарамастан үй жануарларының жол бойында қараусыз жүруі толастамай тұр.

Мысалы, 4 қазан күні №1 қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Балауса, Еркінқала ауылдық округтерінде жол бойында иесіз жүрген төрт бас сиыр малын анықтады. Мал иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабымен (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама жасақталып, үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Өз кезегінде, полицейлер мал иелеріне малды қараусыз қалдырмауды, әсіресе автомобиль жолдарына жақын аумақтарда оларды малшылардың бағуын ұйымдастыру мәселесіне көңіл бөлуді сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру