Қазақстан Республикасынан екі Таиланд азаматы шығарылды
Қазақстан Республикасынан екі Таиланд азаматы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шетелдіктер заңды еңбек қызметін жүзеге асыру үшін мемлекетте болу тәртібін заңдастырмай, аймақ тұрғындарына Тай әдісі бойынша сауықтыру массажын көрсетті. Қостанай қала сотының шешімімен шетелдіктерге 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасына кіру шектетілді.
Қостанай облысы Полиция департаменті көші-қон қызметкерлерімен Қостанай қаласының SPA-салондарының бірінде 2 Таиланд азаматының еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыру фактісі анықталды.
Облыс орталығы сотының шешімімен көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін құқықбұзушылар 5 жыл мерзімге елге кіруді шектей отырып, Қазақстаннан тыс әкімшілік жолмен қуылды.
Қостанай облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының Қайрат Дутпаев айтуы бойынша, мемлекет аумағында болу режімін бұзған және заңсыз еңбек қызметін жүргізген шетел азаматтарын анықтау мақсатында, ағымдағы жылдың басынан бастап полиция қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді. 2021 жылдың 9 айында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 45 шетел азаматы елден шығарылды.