Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында тұрғын мас күйінде өз ағасының үйін өртеп жіберді

Атырау облысында тұрғын мас күйінде өз ағасының үйін өртеп жіберді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 қазан күні сағат 17:30 шамасында Қызылқоға ауданы Полиция бөлімінің кезекші бөліміне Жасқайрат ауылдық округіне қарасты елді мекендердің бірінен үй өртенгені туралы хабарлама келіп түскен. Арызданушы азаматшаның айтуынша, жолдасының інісі ішімдік ішіп, үйдің ішіне жанармай шашып, отқа ораған. Өрт салдарынан үй толығымен дерлік жанып кеткен. ​Олар жанып жатқан үйден шығып үлгеріпті.

Тергеу-жедел тобы мен Төтенше жағдайлар қызметкерлері дереу көрсетілген мекенжайға бет алып, 55 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өрт қою себебін үйдегі кикілжің салдарынан екендігін айтып, өз кінәсін толықтай мойындады.

Аталған факті бойынша бөтен мүлікті қасақана бүлдіру немесе жою фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру