Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада “Қақпа алдында кездесу” шарасы өтті

Қызылордада “Қақпа алдында кездесу” шарасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінен А.есімді сотталғанның жаза мерзімінің аяқталуына байланысты “Қақпа алдында кездесу” әлеуметтік жобасының аясында сотталғанды шығарып салу шарасы өтті.

“Қақпа алдында кездесу” аясында жаза мерзімінің аяқталуына байланысты сотталғанның денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерінің болуы, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Босатылушы А-ға босатылғаннан кейінгі тұрмыстық және жұмысқа орналасуы жөнінде құқықтары мен міндеттері, босатылғаннан кейінгі жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімінің мекенжайы көрсетілген жадынама берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру