Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық ұландықтар жоғалған балаларды тапты

Елордалық ұландықтар жоғалған балаларды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қазан сағат 18:45 шамасында патрульдік топ бастығы Азамат Кәрімов және патрульші қатардағы жауынгер Сұңғат Жүкенов елорданың Есіл ауданында қызмет атқару барысында маршруттарды тексеруге шығады.

Қонаев пен Достық қиылысындағы бағдаршамға жақындай бергенде оларға жасөспірім қыз жақындап, “Астана-Бәйтерек” монументінің қасында қараусыз қалған баланы байқағанын айтады. Ұл бала өте мазалы болғандықтан, оның мекенжайын және ата-анасы туралы мәліметті біле алмаған. Содан кейін Азамат Кәрімов оны жақын жерде тұрған туристік полиция пунктіне апарады.

Кейін белгілі болғандай, 8 жасар ұл баласына ата-анасы әлеуметтік желі арқылы іздеу салыпты. Ондағы мәлімет бойынша, бала сағат 16:00 шамасында жоғалып кеткен бірінші сынып оқушысы екен. Мектептен кейін үлкен ағасын күтпестен жолға шығып кетіпті.

Баланың ата-анасымен байланысқа шығып, әскери жасақ туристік полиция бөлімінің тәртіп сақшысымен бірінші сынып оқушысын ата-анасына тапсырады. Әке-шешесі баланы дер кезінде тапқандары үшін Ұлттық ұлан әскери қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Дәл сол күні кешкісін Қошқарбаев көшесінде басқа әскери жасақ 10 жасар баланы табады. Бұл жолы әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Мұрат Қаржауов пен патрульшілер қатардағы жауынгерлер Алпамыс Нәби мен Саржан Қылышбай қырағылық танытады. Белгілі болғандай, қыз бала қосымша сабақтан шыққан кезде адасып кеткен. Қолындағы ұялы телефонынан әкесінің телефон нөмірін алып, ұландықтар қоңырау соғады. Нәтижесінде әкесі көрсетілген орынға келіп, қызын алып кетеді.

Азамат бүлдіршінін тауып берген әскери жасаққа және оларды мейірімділікке тәрбиелеген 5573 әскери бөлімінің басшылығына алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру