Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада ұры саусақ іздері арқылы табылды

Ақмолада ұры саусақ іздері арқылы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қыркүйек Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 60 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті. Арызданушы белгісіз біреулер азық-түлік дүкеніндегі терезені сындырып, халық тұтынатын тауарлар мен жалпы сомасы 25 мың теңге ақша қаражатын ұрлағанын хабарлады.

Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы шықты, оның құрамына кинологтар мен криминалистер кірді. Жедел-криминалистикалық басқарма қызметкерлері оқиға орнынан 10 қол ізін тәркіледі.
Дактилоскопиялық ақпаратты зерттеу негізінде күдікті анықталды. Ол 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың тоғыз айында Ақмола облысы ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының криминалистерінің мамандары оқиға орнына 2 мыңнан астам тексеру жүргізді, тексеру нәтижелері бойынша күдіктілердің 213 қылмыс бойынша «саусақ іздері» анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру