Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ұрланған велосипед иесіне қайтарылды

Қызылордада ұрланған велосипед иесіне қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімінің 102 жедел арнасына қала орталығындағы 25 жастағы тұрғын ұрлық туралы арыз берді.

Тұрғынның арызында көрсетілгендей, 16 қыркүйек күні күндізгі уақытта 10:00-11:00 шамасында белгісіз азамат оның жеке үйінің аумағына кіріп, жасыл түсті “BMW” жазуы бар құны 55 мың теңге тұратын велосипедін ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақсай полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері “ізін суытпай” 22 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу іс-әрекеттері барысында күдікті ұрланған мүлікті иесіне қайтарып беріп, өз кінәсін толықтай мойындады.

Аталған дерек Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі (Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кірумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру