Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрлық жасаған күдікті қызылордалық полицейлермен ұсталды

Ұрлық жасаған күдікті қызылордалық полицейлермен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қазан күні Қазалы аудандық полиция бөліміне Қызылорда қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында Қазалы қаласындағы шаруа қожалығынан бір бас жылқысын, қайық маторын, компрессорын, дәнекерлеу аппаратын, 24 дана қаздарын белгісіз біреулер ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге 800 мың теңгеден астам залал келтірілген.

Жедел-іздестіру шаралары аясында полицейлер осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 37 жастағы аудан тұрғыны болып шықты. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Айғақ заттар алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігіне (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру