Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдың ювеналдық полицейлері “Заң және жасөспірім” іс-шарасы шеңберінде рейдтер өткізіп жатыр

Петропавлдың ювеналдық полицейлері “Заң және жасөспірім” іс-шарасы шеңберінде рейдтер өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7-9 қазан аралығында Петропавл полицейлері “Заң және жасөспірім” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтер жүргізуде. Басты мақсат – жасөспірімдер арасында қылмыстар пен құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Полицейлермен бірге аталған іс-шараға білім беру өкілдері, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия және еріктілер қатысуда.

– Жыл басынан 95 қолайсыз отбасы есепке қойылды. Жалпы, қазір қалалық полиция басқармасында 144 отбасы есепте тұр. Олармен профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Бір күнде тұрмысы төмен 82 отбасы тұрғылықты жері бойынша тексерілді, – дейді Петропавл қ. ПБ ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы Эльмира Абушева.

Іс-шара аясында Петропавл қ. ПБ ювеналды полиция қызметкерлері күн сайын кәмелетке толмағандардың көп шоғырланатын жерлерінде және көңіл көтеру орындарында рейдтік іс-шаралар өткізеді. Жалға алынған пәтерлер, кафелер, компьютерлік клубтар, сауда үйлері – сағат 23-тен кейін барлық осы орындар құқық қорғау органдарының ерекше назарында болады. Рейдтік іс-шараның бірінші күнінде қызметкерлер түнгі қалада жүрген кәмелетке толмаған 13 баланы үйлеріне қайтарды.

Профилактикалық іс-шара барысында мектептерде “Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі”, “Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас ережелері”, “Жол қозғалысы ережелері”, “Қазіргі заманғы жанұядағы құндылықтар”, “Үйден рұқсатсыз кету және олардың себептері” және т. б. тақырыптарда дәрістер мен әңгімелер өткізілді.

Жыл басынан 789 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 65-і – кәмелетке толмағандардың спирттік ішімдіктерді ішкені, 33-і – көңіл көтеру орындарында болғаны, 528-і – тұрғын үйден тыс жерде түнгі уақытта болғаны үшін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру