Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер қару асынған ер адамды анықтады

Шымкенттік полицейлер қару асынған ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қазан күні түнгі сағат 00:30 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің инспекторлары қызмет атқару барысында жолда күдік тудырған бір топ азаматты байқап, жандарына барып, мән-жайды сұрастырды. Азаматтардың бірінде артына жасырып тұрған қаруға ұқсас зат болған. Тәртіп сақшылары тез арада “102” нөміріне хабар берді.

Тәртіп сақшылары қаруды қайдан алғанын анықтау мақсатында азаматты Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жеткізген. Тексеру амалдары жүргізілуде. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде олардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

Айта кетейік, қала аумағында 4 қазан мен 4 қараша аралығында “Қару 2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру