Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда автокөлікті мас күйінде басқарған ер адам ұсталды

Теміртауда автокөлікті мас күйінде басқарған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қазанда Қарағанды ​​облысының Теміртау қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала ішінде жылдамдықпен келе жатқан көлікті тоқтатты. Полицейлер көлікті басқарған 25 жастағы жігіттің алкогольдік мас күйде екенін байқады.

Сараптама оның алкогольдік мас күйде болғанын анықтады. Сондай-ақ тексеру кезінде ұсталған азамат бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйінде көлік құралын басқару) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру