ШҚО-да «Нелегал-Кордон» республикалық ЖААШ өтеді
ШҚО-да «Нелегал-Кордон» республикалық ЖААШ өтеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасына заңсыз келетін адамдарды анықтау, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында, сондай-ақ өзара іс-қимылды жандандыру, шетелдіктерді еңбекке заңсыз тарту фактілері мақсатында ағымдағы жылғы 11-18 қазан аралығында «Нелегал-Кордон» жалпы республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтеді.
– ШҚО-да заңсыз еңбек көші-қонының жолын кесу үшін базарларда рейдтік іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, көші-қон полициясының қызметкерлері барлық құрылыс нысандарын, асханалар мен дәмханаларды міндетті түрде тексереді. Заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауда, – деп атап өтті ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.