Алматы полициясы 100 жастағы еңбек сіңірген әртіске жаңа жеке куәлігін тапсырды
Алматы полициясы 100 жастағы еңбек сіңірген әртіске жаңа жеке куәлігін тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көші-қон қызметкерлері жаңа құжатты Мария Ахметованың үйіне әкелді.
– Сізді 100 жасқа толуыңызға байланысты берілген жаңа куәлікпен құттықтағым келеді. Сізге ұзақ өмір, денсаулық, бақыт және амандық тілеймін, – деді Көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы Жанна Жақыпбаева.
– Мен ішкі істер органдарының жұмысына өте ризамын. Полиция қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін, – дейді Мария апа.
Мария Ахметова 13.03.1921 жылы Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. 1957 жылы Мәскеуде өнертану ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған бірінші қазақ әйелі.