Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Петропавл тұрғынынан пневматикалық тапанша тәркіледі

Полицейлер Петропавл тұрғынынан пневматикалық тапанша тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 қазанға қараған түні Петропавл қаласының ПБ Екінші полиция бөлімінің кезекші бөліміне қаланың көңіл-көтеру орындарының бірінің маңында пневматикалық тапаншаның атылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Куәгерлердің айтуынша, масаң күйдегі жанжал барысында жас жігіт екі рет аспанға кейін бір рет басқа адамның кеудесіне атқан. Шақырту бойынша келген полицейлер 23 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тәркіленген калибрі 4,5 мм, «МР» пневматикалық тапанша баллистикалық сараптамаға жіберілді. Жәбірленуші сот-медициналық сараптама өткізуден бас тартты.

– Егер адамға қарсы пневматикалық қаруды қолдану туралы хабарлама расталмаса, қару иесі қала шегінде пневматикалық қарудан атқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сондай-ақ: атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған бұзақылық үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасын көздейтінін еске саламыз. Барлық солтүстікқазақстандықтардан заңнама талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз, – дейді Петропавл қаласының ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру