Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері 18 жасар интернет-алаяқты қолға түсірді

Петропавл полицейлері 18 жасар интернет-алаяқты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл тұрғыны полицияға алаяқтық іс-әрекеттер туралы айтып жүгінген. Ол танымал Olx.kz сервисіндегі хабарландыру бойынша сатып алған материалдарын бір айдан бері ала алмай келген. 100 мың теңгеден астам алдын ала төлемін тамыз айында жіберіпті. Содан бері “сатушы” телефон арқылы тауарды жеткізудегі түрлі қиындықтарды айтып, сылтаулатып келген.

Петропавл қаласының ПБ Бірінші бөлімінің жедел уәкілдері сол күні интернет-алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтады. Ол 18 жасар қала тұрғыны болып шықты. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлімі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізлді.

– Алаяқтар тегін хабарландыру беретін танымал сервистерді пайдаланады. Жыл басынан облыста интернет-алаяқтықтың 541 фактісі тіркелді, оның 205-і Olx-та жасалған. Негізгі сценарий – алдын ала төлем талап ету. Қылмыскерлер жоқ тауарлар мен қызмет түрлерін ұсынып, жалған хабарландырулар береді. Полицияның өтініші бойынша сайт әкімшілігі интернет-алаяқтық туралы ескертулер орналастырады. Сондай-ақ, сайт арқылы заттарын сатып жатқандарға да қауіпті. Қаскөйлер түрлі жағдайларды алға тартып, жәбірленушілердің құпия мәліметтерін: банк карталарының нөмірлерін, пин-кодтарын, sms-хабарламалармен келетін бірреттік кодтарды біліп алады. Көбінесе олар “жеткізу қызметін” пайдалануды ұсынады – төлем жасау үшін деп жәбірленушінің сілтеме арқылы өтіп, қаржылық мәліметтерін енгізуін сұрайды. Анығында бұл мәліметтер қылмыскерлердің қолына түсіп, жәбірленушілердің ақшаларын иеленулеріне мүмкіндік береді. Olx сервисіндегі алаяқтықтың 25 пайызы бұл сайтта жоқ “жеткізу қызметімен” байланысты, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру