СҚО-да құқықтық тәртіпті сақтаудың жаңа форматы енгізілуде: ауылдық елді мекенде алғаш стационарлық полиция пункті ашылды
Солтүстік Қазақстан облысында ауылдық елді мекенде алғаш стационарлық полиция пункті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстікқазақстандық аудан орталығы Тайыншада стационарлық модульдік полиция пункті өз жұмысын бастады. Ашылуы облыстық Полиция департаменті басшылығы мен Консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің көшпелі кеңесі аясында өтті.
Жаңа стационарлық пункт Садовая к-сі, 2А мекенжайындағы спорт кешенінің аумағында орналасқан. Айнала №4 орта мектеп, ТЖ және авто станция, жеке меншік үйлер қоршаған.
Пунктке сегіз бейнебақылау камерасы қосылған, оның көмегімен учаскелік инспекторлар Тайынша қаласының №4 ОМ ғимараты мен үй-жайларын бейнебақылауды жүзеге асырады. Аудан орталығының қалған төрт мектебін қосу жоспарлануда. Үй-жайдың жалпы ауданы 21 шаршы метр, электрмен жылыту қондырғысы жұмыс істейді; пункт коммуникацияларға қосылған, сумен қамтамасыз етілген, сондай-ақ кеңсе жиһаздарымен жабдықталған.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев, аудан әкімі Руслан Анбаев пен Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметов пунктің жабдықталу мен тәулік бойы қызмет атқару үшін жағдайымен танысты. Аудан полицейлеріне сенім тапсырылған аумақта қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар полиция жұмысының сервистік моделінің форматында халыққа жан-жақты көмек көрсету де тапсырылды.
– Президент Жолдауын орындау, сондай-ақ «Жұртқа жақын полиция» қағидатын іске асыру аясында осындай тәуліктік бекеттер облыстың басқа да аудандарында ашылады, – деп атап кетті СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев. – Бұл полиция жұмысының сервистік форматын, жеделдігін, ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Аталған жұмысты ұйымдастыруда және реттеуде қоғамның пікірлері мен ұсыныстары өте маңызды. Осыған орай бүгін Тайыншада Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті жанындағы Консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің көшпелі отырысы өткізілді. Жұртшылықтың беретін бағасы мен ұсыныстары біз үшін өте маңызды, бірлескен жұмыс ведомствоның көпқырлы жұмысының түрлі салаларын, оның ішінде полиция жұмысының сервистік моделін дамытуға және «Жұртқа жақын полиция» қағидатын қамтамасыз етуге көмектеседі.