Қарағанды облысында құрылыс алаңына ұрлыққа түскен ер адам ұсталды
Қарағанды облысында құрылыс алаңына ұрлыққа түскен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 қазанда ауылдардың бірінің 54 жастағы тұрғыны Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полиция бөліміне хабарласқан. Ол монша салып жатқан құрылыс тобына жетекшілік ететінін айтты. Белгісіз біреу құрылысқа қажетті құрал-саймандарды ұрлап кетіп, жұмыс тоқтап қалған. Келтірілген шығын көлемі 70 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті – 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды.
ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.