Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда дрифт жасаған көлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды

Атырауда дрифт жасаған көлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қазан күні сағат 03:00 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері қалалық әкімшілік ғимаратының тұсында бір орында айналып, дрифт жасап жүрген Ваз-2114 маркалы автокөлігін байқап, батыс қызметкерлеріне бағыттама берген.

Тексеру кезінде аталған автокөліктің 23 жастағы жүргізушісі анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлімімен (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу), ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлімімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) және ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабының 1-бөлімімен (Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру) әкімшілік хаттамалар жасақталып, 49 589 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру