Түлкібас полицейлері жоғалған 17 жасар баланы тауып, үйіне қайтарды
Түлкібас полицейлері жоғалған 17 жасар баланы тауып, үйіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғын өзінің ұлы үйінен шығып, қайта оралмағаны туралы хабарлайды. 17 жастағы жігіт анасымен сөзге келісе алмай, үйінен кетіп қалған. Осыған байланысты баланың анасы өз бетінше іздеуге кіріскен, алайда таба алмай, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.
Аталған жайт бойынша полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Туыстарының барлығынан сұрастырып, білуі мүмкін деген таныстарынан іздестірді. Осылайша, жинақталған ақпарат көздері арқылы, тәртіп сақшылары аз уақыттың ішінде баланы мегополистен тапты. Полицейлер табылған баланы үйіне қайтарып, анасына тапсырды.
Өз кезегінде 17 жасар баланың анасы Түлкібас АПБ-нің қызметкерлеріне жеделділігі үшін алғысын білдірді.