Шымкентте шетелдік нөмірі бар 400-ге жуық автокөлік иелері жауапқа тартылды
Шымкентте шетелдік нөмірі бар 400-ге жуық автокөлік иелері жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы аумағында 12 қазаннан бастап «Автомобиль» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның мақсаты – қала аумағында көлік құралдарын жүргізушілердің, оның ішінде мемлекеттік белгілері шетелдік көлік жүргізушілерінің көлік жүргізу тәртібін арттыру мен жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзу мен жарақаттанушылықтың алдын алуды қамтамасыз ету, әсіресе мемлекеттік белгілері шетелдік көліктердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғалары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
Жедел-профилактикалық іс-шараның тоғызыншы күнінде көлік жүргізушілермен жасалған 5992 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде шетелдік мемлекеттік белгілері бар көлік жүргізушілермен жасалған 396 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 40 автокөлік арнайы автотұраққа қойылған.
Атап айтқанда, ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзған – 24 (ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі), техникалық байқаудан өтпеген – 27 (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі), ұялы телефон пайдаланған – 12 (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы), бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту – 12 (ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы) тұлғаға хаттама толтырылды. Қозғалыста жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 4 (ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы), қауіпсіздік белдігін тақпау – 26 (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі), авариялық жағдай туындатқан – 2 (ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы), көлік құралын мас күйде басқарған – 2 (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы), тиісті құжатсыз басқарған – 19 (ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1 және 2-бөлігі), жол бетін ластаған – 47 (ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы 1-бөлігі) жүргізуші анықталған. Сондай-ақ, өзге де құқық бұзушылықтар бойынша – 191 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылған.