Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Түркия Республикасы Жандармериясы Бас қолбасшысының орынбасары Зафер Кочпен екіжақты ынтымақтастықты талқылады 

Кездесу Түркия Республикасы Жандармериясы делегациясының Қазақстан Республикасына жұмыс сапары аясында өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында министр Мемлекет басшысының достық пен өзара түсіністік рухындағы серпінді дамып келе жатқан қазақ-түрік қатынастары және кең ауқымды мәселелер бойынша ортақ көзқарас туралы айтқан сөздерін ерекше атап өтті.

Қос тарап қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен болашағы туралы пікір алмасты.

Ерлан Тұрғымбаев бұл үшін қажетті құқықтық база құрылғанын атап өтті: қылмыспен күрес туралы үкіметаралық келісім күшінде, Қазақстан мен Түркияның Ішкі істер министрліктері арасында қауіпсіздік саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Хаттамаға қол қойылды.

Тараптар қоғамдық тәртіп саласындағы ынтымақтастықты, антитеррорлық операциялар бойынша бірлескен курстар өткізу, кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласындағы тәжірибе алмасу, курстық жұмысты ұйымдастыру және өзара әрекеттестіктің басқа да мәселелерін талқылады.

Кездесуге қатысушылар қазақ-түрік қатынастары тамыры терең тарих пен ортақ рухани құндылықтары бар халықтар достығынан күш алатынын атап өтті.

Біздің елдер арасындағы құқық қорғау саласындағы ынтымақтастық достық пен өзара түсіністікке негізделген, онда барлық мәселелер сындарлы диалог барысында шешіледі.

Келіссөздер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықты жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру