ІІМ жүргізушілерді ауа-райының нашарлауы кезінде жолда сақ болуға шақырады
ІІМ жүргізушілерге ауа-райының нашарлауы кезіндегі қауіптер туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алдағы күндері республика аумағында күн суытады, сондай-ақ жел күшейеді, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.
Метеожағдайдың нашарлауы туралы ескерту аумақтық полиция бөлімшелерінің басшыларына жіберілді.
Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін ІІМ ауа-райын ескере отырып, автокөлікпен ұзақ сапарларды алдын ала жоспарлауға шақырады. Құтқару қызметінің хабарламаларына назар аударуға, ауа-райы нашарлаған кезде алыс жолға шығуды шектеуге, қажет болған жағдайда көліктің балама түрін пайдалануға кеңес береді.
Күзгі-қысқы кезеңнің басталуымен көлік жүргізу әлдеқайда қауіпті болады, жылдың осы уақытында өте мұқият болу керек.
Жолда күтпеген апаттың алдын алуға көмектесетін автомобильдер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз.